Эсмеральданың ұсынысы
rating: +1

Нөмір No: SCP-001-KK

Нысан тобы: Аполлион

Арнайы сақтау шарттары: SCP-001-дің табиғи ерекшелігіне байланысты оны оқшаулауға алу мүмкін емес. Объектінің барлық іс-әрекетін бүкіл ғаламшарда Ұйымның агенттері барынша бақылауға тырысу керек. Әрбір ақпарат Каппа-001 «Бетпақдала Елесі» бекітілген оперативті тобының басшысына дереу жіберіледі, ол туралы көбірек ақпарат табу үшін және қажет болса - объектіні жою үшін. Егер кез келген SCP-001-ды тоқтату мүмкіндігі пайда болса, Каппа-001-ді тоқтату немесе артқа қайтаруға рұқсат тек О5 Кеңесінде бар. Кеңестің рұқсатынсыз ПОТ-тың жұмысына араласу қата жазаланады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында SCP-001-дің жалпы алғанда болуы туралы кез-келген ақпаратты дереу түрде алып тастау немесе бұрмалау керек. Объектінің бар екеніне куәгер болған субъектілер (әрі қарай SCP-001-1 ретінде тағайындалған) K1-аумағына жеткізіліп, тергеуге алыну керек, негізгі не біліп және не көргенін сұрау үшін. Субъект жаңа немесе пайдалы ақпарат бермесе тергеуден кейін амнестикпен өңделіп жіберіледі.

Осы құжаттың жазулы кезінде SCP-001 ешкімнің өміріне немесе кез-келген ғимаратқа, инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келтірмеген сияқты. Бірақ оның аса үлкен жылдамдығына байланысты, жоғарыда аталған апаттар қаупі өте жоғары. Объектіге қатысты ақпараттардың жалғыз көзі SCP-001-1-лер ғана болғаны үшін, құжаттың мазмұны, оған қатысты фактілер, гипотезалар немесе жалпы объектінің болуы күмәнді болып саналады.

Сипаттама: SCP-001 - субъектілердің тіркеудегі сөздері бойынша, физикалық денесі бар немесе метафизикалық объект болып айтылады. Объектінің сыртқы түрін оның тұрақты пішіні, өлшемі, түсі немесе басқа кез келген сәйкес келетін бейнелеу жолы жоқтығынан, «адам тілі мен қабілетінің кедейлігінен» сипаттау мүмкін емес болып саналады. Бірақ бірнеше субъектілердің пікірлеріндегі сәйкестікке қарағанда, объектінің ұшу жылдамдығы, олардың сөзімен, асқындыбыстан асады.

Қосымша-1: 1992-1993 жылдары SCP-001-дің сипаттамасына ішінара сәйкес келетін белгісіз аномалды объект туралы Каппа-13 "Эрлик Полкі" уақытша оперативті тобында, [ДЕРЕКТЕР ЖОЙЫЛГАН] тобында және агент Миккелсеннің арасында қауесеттер жүрген, бірақ оған ешкім назар берді, тіпті олардың өзі. Қазіргі уақытта олардың естерінде ол жағдайлар туралы мәлімет жоқ.

Қосымша Сұхбат 001-KK-01:

Күн: 14 ақпан, 1993 жыл.

Қысқаша мазмұны: Ең бірінші табылған SCP-001-01 үнемі қозу күйінде болып, оқшаулау бөлмесінде ыңырсып жатып алды. Бұл мінез объектінің когнитивті қасиетінен болуы мүмкін. - Д-р Эсмеральда.

Қосымша Сұхбат 001-KK-02:

Күн: 16 ақпан, 2001 жыл.

Алғы сөз: SCP-001-01 Испанияның Торре-дель-Мар қаласында табылды. Субъект 26 жастағы Францеско Бензо. Субъект 28 қаңтардан бастап күн сайын таңертең ғимараттың төбесінен «Тағдыр періштесі, жалғыз шешуші!» деп айғайлап, халықтың назарын аударды. Ең соңғы табылған SCP-001-01 болып саналады.

[Сұхбаттың басы]

Д-р Эсмеральда: Қайтадан мына иттің балдары… Жақсы, істің мәніне бірден кірісейік - ана жақта не бәле болып жатыр?

SCP-001-01: Әлем болып жатыр, ханым!

Д-р Эсмеральда: [үзіліс] Айтқанымдай - иттің…

SCP-001-01: Мен біреуге өзімді түсіндіруге тырысқан сайын, олар мені ессіз деп ойлады! Бірақ оны тек мен ғана түсінемін. Оның ағыны. Оның ниеті… Ол бізге жұмақ әкеледі! Дәл осы жерге және барлық жерге!

Д-р Эсмеральда: Эй-эй-эй, мен зерттеуші профессор болып келемін, жай біреу емес. Маған түсіндіруге барынша тырыс.

SCP-001-01: Сіз де мені жынды болды деп ойлап отырсыз, солай емес пе? Бірақ - жоқ, менің көздерім сіздердікіне қарағанда ең ашық!

Д-р Эсмеральда: Қазыр ғана маған айтқан әр сөзіңді түсіндір. Мәңгірлемей.

SCP-001-01: Түсіндірудің түк қажеті жоқ, себебі ол бәрімізге қажет те емес. Сіз мұны, оны немесе біздің тағдырымызды тоқтату үшін ештеңе істей алмайсыз. Тек ол біледі және басқарады, өткен таймлайндар мен болашақ таймлайндардығыдай басқаратын болады.

Д-р Эсмеральда: Таймлайндар?

SCP-001-01: Уақыттың басы мен оның соңы.

Д-р Эсмеральда: Толығырақ…

SCP-001-01: Біздің мұнда болуымыздың себебі - ол мұны қалағандықтан, және егер ол ұсталса, онда ол өзі ұсталғысы келді. Егер сіз бір қорқынышты фильмді, мысалыға, екінші рет көріп жатсаңыз - бір айқайшы сәттен, скримерден, екінші рет шошып кетесізбе? Немесе ал детективті фильм ше? Екінші рет көрсеңіз, соңындағы плот-твистіге тағы бір рет таңғаласызба? Егер сіздер оған тіпті біретте тиіп көрмесеңіз - ойланыңызшы, ол бұл "фильмді" қаншасыншы рет көріп жатыр? Ал біз? Қаншасыншы рет рөлдерімізді ойнап жатырмыз?

Д-р Эсмеральда: [үзіліс] Ал енді айтшы, саған неге сенуім керек? Қайдан сен бұның бәрін білесің?

SCP-001-01: Сізде бұдан күштірек түсінік бар сияқты айттыңыз ғой! Ал, қайдан білетінім… Шынымды айтайын, түк те түсінігім жоқ. Мүмкін… Ол солай қалады?

Д-р Эсмеральда: Есалаң! Қалады! Қалады! Ол өткен аптада не қылғанын білесің бе? Адамдар мен малды қырды, аямай.

SCP-001-01: Өнікі, бәлкім, дұрыс? Өйткені… Сіз көбелек эффекті туралы естігенсізбе? Мен сенімдімін, бұл адамдарда, малдарда жарқын болашақ үшін өлді. Бұл таймланда болмаса, келесі таймлайндағы ұрпақтарымызға.
[Сұхбаттың соңы]

Footnotes
. Өтірік.
page revision: 11, last edited: 13 Jun 2024 07:08
Unless otherwise stated, the content of this page is licensed under Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 License
Click here to edit contents of this page.
Click here to toggle editing of individual sections of the page (if possible). Watch headings for an "edit" link when available.
Append content without editing the whole page source.
Check out how this page has evolved in the past.
If you want to discuss contents of this page - this is the easiest way to do it.
View and manage file attachments for this page.
A few useful tools to manage this Site.
Change the name (also URL address, possibly the category) of the page.
View wiki source for this page without editing.
View/set parent page (used for creating breadcrumbs and structured layout).
Notify administrators if there is objectionable content in this page.
Something does not work as expected? Find out what you can do.
General Wikidot.com documentation and help section.
Wikidot.com Terms of Service - what you can, what you should not etc.
Wikidot.com Privacy Policy.

AltStyle によって変換されたページ (->オリジナル) /