Бас бет Қытай Экономика Әлемде Қытай-Қазақстан Фото Видео
Қазақша>>Әлемде

Қытайдың шығыс бөлігі Батыс Қазақстан облысымен инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 11 қазан

Қазақстан Республикасының ҚХР Шанхай қаласындағы Бас консулдығының хабарлауына сәйкес, ҚР Шанхай қаласындағы Бас консулы Нұрлан Аққошқаров БҚО әкімі Н.Төреғалиев басқаратын Батыс Қазақстан облысы делегациясының Қытайдың Нанкин қаласына жұмыс сапары аясында өткен «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ инвестициялық және сауда өкілдігінің салтанатты ашылуына қатысты.

Аталған сапар барысында Қазақстан делегациясы тікелей сауда бойынша ынтымақтастық алаңы болып табылатын «Цзянсу-Орталық Азия» орталығына келіп, Цзянсу өңірінің «SOHO» корпорациясының басшылығымен келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, «SOHO» корпорациясының президенті Чен Шу БҚО басшысы таныстырған Қазақстанның батыс өңірінің инвестициялық және сауда-экономикалық әлеуетінен хабардар болды, сондай-ақ БҚО басшысы өздерінің аумағындағы бірлескен жобаларды жан-жақты талқылау үшін Қытай корпорациясын Орал қаласына шақырды.

«SOHO» басшылығы БҚО-да фармацевтика, қаттықалдықтар мен қоқыстарды қайта өңдеу сияқты жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірді. Келіссөздер аяқталғаннан кейін, бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту мақсатында «SOHO» президенті БҚО әкімімен «Цзянсу-Орталық Азия» алаңында орналасқан «Aqjaiyq» ӘКК» инвестициялық және сауда өкілдігінің кеңсесін салтанатты түрде ашты.

Сонымен қатар, Цзянсу өңіріне жұмыс сапары барысында қазақстандық делегация Нанкин қаласындағы «China gas» ақылды энергетика компаниясына келіп, өзара тиімді ынтымақтастық келешегін талқылау барысында Н.Төреғалиев «China gas» өкілдерін Орал қаласында ЖЭО құрылысына қатысуға шақырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото

Language

AltStyle によって変換されたページ (->オリジナル) /