10 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жаһандық әйелдер саммиті Бейжіңде 13-14 қазан аралығында өтеді. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин саммиттің ашылу рәсіміне қатысып, негізгі баяндама жасайды. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Гуо Цзякунь 9 қазан күні іс-шараға әр құрлықтан келген ондаған мемлекет және үкімет басшылары, парламент басшылары, премьер-министрдің орынбасарлары мен министр деңгейіндегі шенеуніктер, халықаралық ұйымдардың басшылары және дос тұлғалар қатысатынын айтты.
Гуо Цзякунь биыл Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 80 жыл толатынын және Біріккен Ұлттар Ұйымы төртінші Жаһандық әйелдер саммиті – Бейжіңдегі Жаһандық әйелдер саммитінің ашылғанына 30 жыл толатынын атап өтті. 30 жыл бұрын Бейжіңдегі Жаһандық әйелдер саммитінде «Бейжің декларациясы» мен «Іс-қимыл жоспарын» қабылдады, бұл әлемдегі әйелдер ісін дамытудағы маңызды кезең болды. 2020 жылы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңдегі Жаһандық әйелдер саммитінің 25 жылдығына арналған Біріккен Ұлттар Ұйымы бас ассамблеясының жоғары деңгейдегі отырысына бейне форматта қатысып, маңызды сөз сөйлеп, 2025 жылы Жаһандық әйелдер саммитін қайта өткізуді ұсынған болатын.
Гуо Цзякуньнің айтуынша, Төраға Си Цзиньпин ұсынған маңызды бастамаларды жүзеге асыру үшін Қытай 13-14 қазан аралығында Бейжіңде БҰҰ Әйелдер мекемесімен бірге Жаһандық әйелдер саммитін ұйымдастырады. Бұл саммиттің мақсаты – Бейжіңдегі Жаһандық әйелдер саммитінің рухын жаңғырту, барлық тарапты «Бейжің декларациясы» мен «Іс-қимыл жоспарын» іске асыруды жеделдетуге шақыру, жаһандық гендерлік теңдікті ілгерілетуге және әйелдердің жан-жақты дамуына жаңа серпін беру, тағдыры ортақ адамзат қауымдастығының құрылысына жәрдемдесу.
«Біз халықаралық қауымдастықпен бірге осы саммитті сәтті, табысты өткізіп, саммитті әлемдегі әйелдер ісінің даму тарихындағы тағы бір маңызды белеске айналдыруға ниеттіміз»,- деді Гуо Цзякунь.