6 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында қытайлық компания дербес әзірлеген «Синьчжоу 60» азаматтық іздестіру-құтқару ұшағы Ганьсудағы Цинян әуежайында құтқару құралдарын әуеден сынақ тастауды сәтті аяқтады.
Ұшақ сын-қатерлерге толы 100 метрлік өте төмен биіктікте құтқару құралдарын сәтті жеткізді.
«Синьчжоу 60» азаматтық іздестіру-құтқару ұшағы іздестіру-құтқару, апат болған жерді зерттеу және адамдарды тасымалдау сияқты функцияларды орындайды. Ол теңізде, үстірттерде, жер сілкіністері, су тасқынында және басқа да табиғи апаттар болған жерлерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізе алады.
Хэйлунцзяндағы солтүстік-шығыс жолбарысының сүйкімді шөнжіктері
Ақсақал 25 жыл бойы Сицзан сұр маймылдарын көзінің қарашығындай қорғап келеді